Назарбаевтың фамилиясы Әнұранның авторлығынан алынып тастала ма?

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов кулуарда журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер «Еліміздің Әнұранынан экс-президент Назарбаевтың аты алынып тастала ма?» деп Мәжіліс спикерінен сұрады.

Қазіргі күні бұл күн тәртібінде тұрған мәселе емес. Болашақ көрсетеді, - деді Қошанов.

Журналист келесі жылы авторлыққа байланысты қабылданатын заңда осы мәселе ескіреле ме деп сұрады.

Ол заң әлі бізге түскен жоқ. Сондықтан бұл туралы толық ақпарат бере алмаймын, - деді Мәжіліс төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы