Назарбаевтың атына Түрікменстан мен Сербия президенттерінен жеделхаттар келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президентінің атына Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Сербия Республикасының президенті Александр Вучичтен жеделхат келіп түсті.

Гурбангулы Бердімұхамедов Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады.

Өмірлік энергияңыз бен ерік-жігеріңіздің арқасында Сіз бұл дертті қысқа мерзімде еңсересіз деп сенемін. Сізді барынша қолдауға және қажет болған жағдайда көмектесуге дайынмын. Шын жүректен тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін. Алла Тағала Сізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр берсін, - делінген жеделхатта.
Сонымен қатар, Александр Вучич Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Өзіңізге тән энергия, күш-қайрат, оптимизм коронавирустан басым түсеріне сене отырып, Сізге қолдауымды білдіргім келеді. Жақын арада халықаралық қауымдастық өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың арқасында пандемияны еңсереді және кедергісіз әлеуметтік-экономикалық даму жолына қайта оралады деген үміттемін. Айығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін. Менің зор құрметім мен ыстық ықыласымды қабыл алыңыз, - делінген жеделхатта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы