Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия елдері басшылары Консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесі берілгендігін хабарлады.

Бұған дейін, Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыртуымен Ташкентке барған болатын.

Elbasy.kz сайтының мәліметіне сәйкес, ресми қарсы алу рәсімінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев өзара кездесу өткізді.


Келіссөздер барысында Қазақстанның Тұңғыш президенті мен Өзбекстан Президенті Орталық Азия елдері арасындағы қазіргі жағдай мен ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер туралы пікір алмасты.


Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия елдері басшылары Консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесі берілгендігін хабарлады.

Екінші Консультативтік кездесу барысында делегация басшыларының шешімімен Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия елдері басшылары Консультативті кездесуінің құрметті төрағасы деген мәртебе берілді, - делінген хабарламада. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы