Назарбаева: Жергілікті бюджетке 2 триллионнан астам теңге бөліну жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам субвенция беріледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева айтты.

Бүгін елордада Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференция өтті. 
Қазіргі уақытта үкімет өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын талқылауда. Оған қазірден бастап кірісу қажет. Жақында сенатта біз су мен су үнемдеу, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және қайта өңдеу проблемалары туралы айттық. Қоршаған ортаның ластануы, су сапасының нашарлығы адамдардың денсаулығына әсер етіп, өмірлерін қысқартады. Біздің экологиямызды, туған жерімізді жақсарту үшін шұғыл және тиімді шаралар қажет, - деді Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар бюджетте табиғатты қорғау шараларына арналған қаражаттың жоқтығын айтып шағымданады. Бұл орайда қоршаған ортаны ластау эмиссиясы үшін барлық төлемдер жергілікті бюджетке түскенімен басқа мақсаттарға жұмсалады. 

Оның пікірінше, барлық деңгейдегі мәслихаттар табиғатты қорғауға арналған жергілікті бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауға алуы керек.
Бюджет - бұл қаладағы, ауылдағы, елді мекендегі адамдардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етудің басты тетігі. Мәслихат депутаттары әкімдіктермен бірге өз өңірінің, өзінің елді мекенінің бюджет қаражатын тиімді бөлу үшін бірдей жауапкершілікке ие. 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам сомаға субвенция беру жоспарланып отыр.Субвенция көлемінің өсімі облыстық және қалалық мәслихаттарға, тексеру комиссияларына барынша жоғары талап қояды, - деді Дариға Назарбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы