Назарбаев университетінің мәртебесі өзгермейді. Министр түсіндірді

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетінің мәртебесі өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Саясат Нұрбек университет мәртебесі неге өзгермейтінін түсіндірді.

Бірден айтайын, біз бұл заңды алып тастамаймыз және өзгертпейміз. Біздің міндетіміз – осы университеттің әлеуетін сақтап қалу. Бұл аз ғана толыққанды зерттеу университеттерінің бірі. Бүгінде университет төңірегінде оқу құны туралы өте көп қауесет тарап жатыр. Шын мәнінде олардың бәрі шындыққа жанаспайтынына сендіргім келеді. Бұл – өте мықты зерттеу университеті. Сондықтан оның мәртебесіне қатысты өзгеріс болмайды, - деді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы