Назарбаев Университетінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Дара" қоры Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебімен бірлесе "Қазақстандағы инклюзивті білімді дамыту үшін жағдай жасау" мәселелері бойынша зерттеу нәтижесін ұсынды.

Бұл орайда университет қабырғасында арнайы дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шара "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырылды. 

Осы зерттеу аясында Назарбаев Университеті Жоғары Білім беру Мектебінің инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін зерттеушілерінің бір тобы Нұрсұлтан қаласындағы үш жалпы орта мектепте ДАРА Қорының қолдауымен құрылған ресурстық орталықтардың жағдаяттарын зерттеген.

Нұр-Сұлтан қаласындағы үш мектептің негізіндегі ресурстық орталықтарға талдау жүргізілген. 
Қазақстанда Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығының ашылуы оқуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім беру үрдісіне қосуға мүмкіндік береді. "Дара" қорымен бірлесіп зерттеу жүргіздік. Ұстаздармен және білім алушылармен жеке сұхбаттастық.  Ресурстық орталықтар қалай жұмыс істейтінін зерделедік. Осы орталыққа оқитын ерекше қажеттеліктері бар балалардың ата-анасымен, атап айтсақ 4 баланың әке-шешесімен тілдестік. Инклюзивті білім беру туралы нақты бір түсініктің болмағанына көз жеткіздік. Алғашқысында мән-мағынасы өте бұлыңғыр болды. Дара қоры мектептерде ресурстық орталықтардың ашылуына түрткі болып, жемісті нәтижесін береді деген сенімдемін, - деді ғылыми жобаның жетекшісі әрі Назарбаев Университетінің ғылым докторы, доцент Рита Каша.

Мамандар ресурстық орталықтар өте қажет және олар жұмыла жұмыс істеу қажет екенін айтты.

Мұндай зерттеудің көздегені –  ресурстық орталықтардың елорданың жалпы орта мектептерінде инклюзивті білім беруге жасалған жағдайларына қалай ықпал ету мәселесін анықтау.
Бұл "Әртүрлі – бірдей" бірлескен жобасы "Самрұқ-Қазына" Акционерлік Қоғамы үшін стратегиялық маңызға ие. Инклюзивті білім беруді дамыту әрі жетілдіру еліміздің дамығанының, алға ілгерілегенінің айғағы. Бұл әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, - деп атап өтті "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас менеджері Әсет Қылышбаев.

Зерттеушілер мектеп базасында құрылған ресурстық орталықтардың мектептегі инклюзиялық білім беру процесіне пайдалы көзқарастар мен тәжірибелерін дамытуға ықпалын түсінуге тырысты. 

Сондай-ақ, мектеп базасында құрылған ресурстық орталықтардың жұмысындағы кедергілер зерттелді және олардың жұмысын  жақсарту тұстары да анықталды. Себебі осы ресурстық орталықтар ұлттық және жергілікті құндылыққа сай  жұмыс істегендіктен мектептердің жұмыс істеуіне ықпал ететін мемлекеттік және муниципалдық  саясаттың факторларын ескерді.
"Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен елордада көршілес орналасқан үш мектеп негізінде ұйымдастырылған инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтары аталған сұраққа бірінші кезекте көңіл бөлмеген мектептерде инклюзивті білім берудің негізін салды, - деп айтты Әсет Қылышбаев.

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің оқытушы ғалымдары бірнеше авторлық еңбектерін жарыққа шығарған. Рита Каша, Джанет Хелмер, Мишель Сомертон, Дэниэль Эрнандес Торрано және Майкл Макоэльдің инклюзиялық қоғамды дамытуға арналған публикациялары жарияланған.

Айта кетейік, ресурстық орталықты ашудың артықшылығы – жалпы білім беретін орта мектепте инклюзивті білім беру мүмкіндігіне деген қарым-қатынасын өзгерту және бұл мектептің инклюзияға байланысты мәдениетінің өзгеруіне әкеледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы