Назарбаев тіқұшақта қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруына байланысты қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 


Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруы салдарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Жастарымыздың мезгілсіз қаза болуы қабырғамызды қайыстырды.

Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы