Назарбаев жаңа тарих қалыптастырды – Әбусейітов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы ел үшін жаңа тарих қалыптастыруға дайын болды.  Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев қорының халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі, ҚР төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Әбусейітов Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне арналған онлайн конференцияда айтты. 

Қазақстанның ұстанымдарын шетелде ілгерілендіру бойынша тұңғыш президенттің алдында тұрған міндеттердің көлемін елестету мүмкін емес. Кеңес кезеңінде республиканың халықаралық істерде тәжірибесі мен дәстүрі, елшілігі және толыққанды Сыртқы істер министрлігі де болмады. Жалпы, Қазақстан халықаралық бірегейлікке ие болмады. Нұрсұлтан Назарбаев пен оның командасы шетелдік астаналармен келіссөздер жүргізуді жаңа парақтан бастады, - деді ол. 

Әбусейітов атап өткендей, сол жылдары көп ел Қазақстан сияқты елдің барын білмейтін еді.

Тұңғыш президенттің ұстанымы Қазақстанның тәуелсіздігі бар болашағы туралы ойлай алатын, өткенмен қоштаса алатын адамның стратегиясы болды. Ел үшін жаңа тарих қалыптастыруға дайын болды. Кеңес одағы құлдыраған соң, тұңғыш президент қауіпсіздік пен сыртқы саясатта көп қиындықпен кездесті. Оған көп сұраққа жауап табу керек болды. Сол кезеңде ол шекарадан тыс ойлай білді. Нұрсұлтан Әбішұлының өзі айтқандай, біздің елдің егемендігі тыныш кезеңде емес, жаңа геосаяси тәртіптің пайда болуы кезеңінде алғаны сыртқы саясатты қалыптастыруға оңай тимеді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы