Назарбаев Сума Чакрабартимен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында коронавирустық инфекцияға байланысты туындаған жаһандық дағдарыс жағдайында елдің экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды.
Бүкіл әлем күрделі жағдайда қалып отыр. Экономиканың 3-4 пайызға дейін айтарлықтай төмендейтіні болжануда. Бүгін сіздермен әлемдегі жағдайға қатысты пікір алмасқым келеді, - деді Елбасы.
Сума Чакрабарти әлемдік экономиканы қалпына келтіру және одан арғы перспективалары туралы болжамдарымен бөлісті. Сонымен қатар, жоғары кеңес төрағасының реформалар жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құру және дамыту ісіндегі еңбегін жоғары атап өтті.
Мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті болған кезімде өзіңізбен бірлесіп атқарған жұмыстарым ең жылы естеліктер ретінде қалып отыр. Біз Қазақстанмен тығыз жұмыс істедік. Еуропалық қайта құру және даму банкінің ынтамақастық орнатқан елдерінің алғашқы бестінде Қазақстан болды. Мұның бәрі өзіңіздің белсенді қатысуыңыздың арқасында деп санаймын. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанды құрып, оны аяққа тұрғызудағы күш-жігеріңізге таңданысымды білдіремін, - деді Чакрабарти.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлерін атады
Өзгелердің жаңалығы