Назарбаев президенттіке келісімен өзін реформатыр ретінде көрсете білді – қоғам қайраткері

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Назарбаев президенттіке келісімен өзін реформатыр ретінде көрсете білді. Сол кезден бастап Тәуелсіздік жолындағы батыл қадамдар жасала бастады. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қайраткері Оралбай Әбдікәрімов "Кемеңгерліктің 30 жылы" атты конференцияда айтты.

Жиын барысында ол осыдан 30 жыл бұрын осы залда сол кездегі ел басшысы ауысып, ел басқаруға Нұрсұлтан Назарбаев тағайындалғанын еске алды.

"Ол кезде 50-ге толмаған жас, өзінің көзқарасы, алғырлығы, батылдығымен тез арада Қазақстанның сүйікті басшысына айналды. Бұл шынында да қайта құру кезеңі еді. Сол 1986-1989 жылдардағы 3 жылда жасыратыны жоқ, біз басшы қашан ауысады деп күттік, сол орындалды ел басқаруға Назарбаев келді. Содан бері талай заман өтті, оның әр жылы ғасырларға бергісіз жылдар болды", - деді ол.

Сонымен қатар, ол Назарбаев президенттіке келісімен өзін реформатыр ретінде көрсете білгенін айтты.

"Сол кезден бастап Тәуелсіздік жолындағы батыл қадамдар жасала бастады. Орталыққа қарамастан түрлі қаулылар қабылдана бастады. Қазақстан коммунистік партиясының жарғысы қабылданды. Бұл Қазақстанның дербес жолға ұмтылуын білдірді. Тәуелсіздік алған кезде бұрынғы одақтастардың көбінде қақтығыстар болып жатты, тек Қазақстан ғана солардан айналып өте білді. Ел тағдырын шешкен маңызды қабылдаулар жасалды.  Соның бірі өте керемет жобалардың бірі "Болашақ" бағдарламасы болды. Жастарды шетелге оқытудағы іріктеу ісіне мен де қатыстым", - деді О. Әбдікәрімов.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы