Назарбаев пен Тоқаев мерекелік концертті тамашалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің  28 жылдығына орай өткізілген салтанатты концертті тамашалады.

Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті.
Салтанатты концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ, симфониялық оркестр өнер көрсетті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы