Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына арналған шараға қатысуда

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО алаңында өтіп жатқан Наурыз мейрамына арналған іс-шараға қатысуда.

Назарбаев пен Тоқаев ЭКСПО алаңындағы "қазақ ауылын" аралап шықты. Тұңғыш Президент ұлттық шапан киіп келді. Ондаған киіз үй тігілген алаңға келген Назарбаев пен Тоқаевты "қазақ ауылының" тұрғындары əн-бимен, қойылыммен қарсы алды. Мұнымен қатар, Тұңғыш Президент жас жұбайларға бата беріп, аспанға ақ көгершіндер ұшырылды.








"Қазақ ауылындағы" жұрттың көбі ұлттық киім киген. Олар алтыбақан теуіп, ұлттық ойын ойнауда. Спорттың алуан түрінен жарыстар ұйымдастырылып жатыр. Сахнада əн-күй орындалып, театрландырылған қойылымдар кішкентай астаналықтардың көңілін аулауда. Далада наурыз көже дайындалып, бауырсақ пісіріліп жатыр.

Мерекелік шараға Бердібек Сапарбаев, Күлəш Шəмшидинова, Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқа да министрлер жəне лауазымды тұлғалар қатысуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы