Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Астана, BAQ.KZ. Ресей басшысы Владимир Путин 19 наурыз сейсенбіде өз өкілеттігінен бас тартқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ТАСС ресейлік президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап хабарлады.
«Күндіз президент Путин мен Президент Назарбаев телефон арқылы сөйлесті, алайда біз әңгіме не туралы өрбігені жайлы білмейміз», - деп атап өтті ол.
Бұған дейін, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеуін жариялаған болатын. Онда Ұлт көшбасшысы өз өкілеттігін тоқтататынын және Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің басшысы болып қала беретіні жайлы айтқан еді.
Назарбаев 20 наурыздан бастап, өз орнына қазіргі Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болатынын айтты.