Назарбаев пен Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында тараптар көпжоспарлы Қазақстан-Ресей саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығының ілгері дамуына ризашылық білдірді.
Сонымен қатар, екі ел басшылары гуманитарлық саладағы диалогты одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті, оның аясында 2019 жылдың қыркүйек айында Ресейдегі Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы