Назарбаев өз атымен аталған мектеп, университет пен қор басшысы лауазымынан айырылады

Депутаттар бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты оның атындағы мектептер, жоғары оқу орны мен қор атауының жоғары кеңес басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екі оқылымда қаралды.

Заң қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге және жекелеген заңнамалық актілерді «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының негізгі Заңының ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған.

Жоғарыда аталған ережелерді іске асыру Еңбек және Әлеуметтік кодекстеріне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», «Білім туралы», «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы», «Оңалту және банкроттық туралы», «Жол жүрісі туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» және «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына бір мезгілде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) кәсіптік стандарттарға сәйкес біліктілік талаптарына сай келуі тиіс екендігі туралы норма енгізілді.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі Мемлекет басшысының өкілеттіктерін айқындау бойынша түзетулер көзделген, - деп атап өтті Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы