Назарбаев Мәжілістің төрағасына кандидат ретінде кімді ұсынатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының парламенттік фракциясының мүшелерімен өткен жиында Мәжілістің төрағасына кімді ұсынатынын айтты. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелерінің үйлесімді жұмысын атап көрсетіп, Мәжілістің өткен шақырылымы жұмысының нәтижелеріне тоқталды. 

Фракцияның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін бірнеше мәселені шешу қажет. Біріншіден, депутаттар Үкіметпен бірге партияның Қазақстан халқы қолдаған сайлауалды бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, депутаттар бюджет қаражатын жұмсау тиімділігіне бақылауды күшейтуі керек. Үшіншіден, барлық әлеуметтік топтың кері байланысын күшейту қажет. Депутаттар халықпен үнемі кездесуі тиіс. Азаматтарды қоғамдық қабылдауы керек, - деді Назарбаев.

Сондай-ақ кездесу барысында Елбасы VII шақырылған Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. 

Фракция депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулин ұсынылды. Сондай-ақ екі орынбасары ретінде Павел Казанцев пен Балайым Кесебаваның кандидатурасы айтылды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне төраға ретінде Жәмилә Нұрманбетова, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне төраға ретінде Қанат Мусин, Қаржы және бюджет комитетінің төраға ретінде Марат Құсайынов, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне төраға ретінде Айгүл Құспан және Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы ретінде Альберт Рау ұсынылды.

Айта кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының парламенттік фракциясының отырысына қатысты. Бұған дейін ол Нығматулинді Мәжілістегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынған болатын. Ал Премьер-министрлікке Маминнің кандидатурасын қолдауды сұрады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы