Назарбаев Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапарымен Ресейде жүрген Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде қонақ болды.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, делегация құрамында сондай-ақ ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин және ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бар. Қонақтарды қошеметпен қарсы алған Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетов елшіліктің жөндеуден өткен ғимаратын аралатып, көрсетіп шықты. Одан бөлек, делегация Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына арналған музейді тамашалап, сирек кездесетін экспонаттармен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев жиналған дипломаттарға табыс пен сәттілік тіледі.Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Мәскеуде Ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі «Қазақстан» павильонының ашылу рәсіміне қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы