Назарбаев «Көне Шымкент қалашығы» археологиялық нысанын аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ежелгі тарихи орындарының бірі «Көне Шымкент қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды.


Бұл туралы elbasy.kz сайты жазды.

Сапар барысында Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.


Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында орта ғасырлардағы үш деңгейлі музей мен 500 орындық амфитеатр құрылысы басталады. 


Сонымен қатар нысанды аралау аясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті және оны дамыту перспективалары туралы айтып берді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы