Назарбаев қиын кездер туралы тағы айтты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы ҚХА-ның XXIX онлайн-сессиясында 90-жылдардағы қиын кезеңдер туралы тағы еске түсірді.

Нарықтық экономика іс жүзінде нөлден құрылды.  Осы 30 жылдың ішінде дүниеге келген жас ұрпақ ол туралы көп біле бермейді. Бірақ біздің міндетіміз - айту және қайталау.  Бүгінде Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіреді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 13 есе өсті. Жұмыссыздық 4 есеге азайды. Халық саны 2,5 миллионға көбейді. 1993 жылы адамдар не істеу керектігін және өздерін қалай ұстау керектігін білмеді, - деп еске алады Елбасы.

Ол осы жылдар ішінде халықтың табысы 9 есе өскенін айтты. 

Әрине, адамдарда жетіспейтін нәрселер бар. Тәуелсіздік жылдары біз өз экономикамызға 365 миллионнан астам доллар тарттық. Әлемде бізге сеніп, жұмыс істеуге келіскендер болды. Менің бастамаммен құрылған Ұлттық қор бізді қиындықтан құтқарады. Пандемия кезінде былтыр экономикада ең аз құлдырау Қазақстанда болды.  Қазір белсенді ауқымды индустрияландыру жүріп жатыр, - деп қосты Елбасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы