Назарбаев "Хабар" телеарнасына сұхбат берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті "Хабар" телеарнасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев саяси модернизация процесі мен елдің даму болашағы туралы өзекті сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, Елбасы журналистерге өзінің жаңа жұмыс кестесі туралы айтып, "Нұр Отан" партиясының жұмысын жандандырудың басым міндеттеріне тоқталды.
"Елбасы "Хабар" телеарнасына сұхбат берді. Онда Нұрсұлтан Назарбаев "қос билік" жайлы қауесетке қатысты түсініктеме беріп, президент өкілеттігін не себепті тоқтатқандығы туралы айтты", - деп жазды ол.
Сонымен қатар, президент видеода өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанына өкінбейтіндігін айтады.
"Әрине, өкінбеймін. Себебі бұл ойластырылған шешім болды. Біріншіден, осы жылдар бойы мені сайлаған халқыма алғыс айтамын. Екіншіден, өзгерістер керек. Дүние бір орында тұрмайды, жаңа адамдар, жаңа кадрлар керек. Әр адамның өз көзқарасы болады. Өкінбеймін, халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс шешім жасадым деп санаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сұхбаттың толық нұсқасы "Хабар" телеарнасынан ертең кешкі сағат 21:30-да көрсетіледі.
Отрывок из сегодняшнего интервью Елбасы. Полная версия выйдет завтра в 21:30 в эфире телеканала "Хабар" pic.twitter.com/pSQ3A0T3u1