Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады elbasy.kz.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық компанияның былтырғы жұмысының негізгі нәтижелері мен қазіргі қызметі туралы ақпарат берілді.

Ғ.Пірматовтың айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы өзінің атом саласындағы сенімді серіктес әрі отын жеткізуші мәртебесін нығайтып, ең ірі табиғи уран сатушы ретіндегі орнын сақтап қалды. Жаһандық пандемияның сын-қатерлеріне қарамастан, компания 2020 жылға жоспарланған барлық көрсеткіштерге қол жеткізді, кейбіреуі бойынша жоспар асыра орындалды. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша түсім – 587,5 миллиард теңгеге, ал таза пайда 221 миллиард теңгеге жетті. Компанияның 2018-2021 жылдар кезеңіндегі дивидендтерінің жалпы сомасы 491 миллиард теңгені құрайды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа холдинг кәсіпорындарындағы вакцинация қарқыны туралы, компанияның ірі жобаларының жүзеге асырылуы, соның ішінде жылу бөлетін құрамалар шығару зауытының іске қосылуы жөнінде баяндалды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы