Назарбаев көшбасшылық қабілеті ерекше адам – Ариэль Коэн
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Назарбаевтың әлемдік саясаттағы қазіргі рөліне келсек, ол қазір толысып, өз кемеліне келген нағыз ақсалдардың бірі. Ондай адамдардың рөлі қазіргідей халықаралық шиеленіскен заманда арта түседі. Бұл туралы Атлантикалық кеңестің аға сарапшысы Ариэль Коэн Baq.kz тілшісіне пікір білдіру кезінде айтты.
Сарапшының айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық қабілеті ерекше, ол алдында тұрған проблемаларды сезініп қанай қоймай оны шешіудің жоладырн да ұсына алады.
«Бүгін Назарбаевтың билікте 30 жыл қызмет етуіне арналған ғылыми конференцияға қатыстық. Жиын барысында Елбасының көшбасшылық қабілетінің бірегейлігі ерекше аталып өтті. Бұл дегеніңіз нақты мәселені түсіне білу және ең бастысы оны шешудің жолын табу. Көп президент қандай мәселе бар екенін айтып, әрдайым шағымданып жүреді. Ал, Назарбаев Совет одағы тұсында және посткеңестік кеңістікте де бұл проблемаларды қалай шешудің жолдарын ұсына білді. Және билікті табыстау кезінде де ол саясаткер үшін биліктен қай кезде кету керектігін және қалайша кету қажеттігін көрсете білді. Бұл жерде тек Назарбаевтың ғана емес, жалпы Қазақстан елі саясатының жемісі деп білемін»,- дейді шетелдік сарапшы.
Сонымен қатар, ол бүгінгі жиынға дейін Назарбаевқа Совет одағының премьер-министрі болуды ұсынғаны туралы білмегенін айтты.
«Бұл жерде тағы да ол кісінің ерекше дарындылығының арқасында ұсынды деп білемін. Дегенмен ол кісі өзінің ішкі түйсігі арқылы Совет одағының ұзаққа бармайтынын сезіп, елінің тағдыры одан да маңызды екенін білді. Осылайша ол Қазақстан мемлекетінің президенті болуды ұйғарды»,- дейді ол.
Сөз арасында ол, Назарбаевтың әлемдік саясаттағы қазіргі рөліне тоқталып, оны өз кемеліне келген нағыз ақсалдардың бірі деп атады.
«Ондай адамдардың рөлі қазіргідей халықаралық шиеленіскен заманда арта түседі. Назарбаев Қазақстанды бейтарап, яғни келіссөздер жүргізетін алаңға айналдырып отыр. Сондықтан алдағыны болжай білетін адам ретінде оның қазіргі саясаттағы рөлі зор. Бүгін де мұнай мен газды пайдалануды біртіндеп азайтып, одан арылуымыз керектігін айтты. Жасанды интелект, жаңа технологияларды дамыту мәселесін шешуді қазірден алға қойып отыр, яғни жас буын осыны қолға алу қажеттігін қазірден айтып отыр. Мұның барлығы оның мықты көшбасшы екенін көрсетеді»,- дейді Ариэль Коэн.