Назарбаев Эверест шыңын бағындырған екі аяғы жоқ Әуезоваға көмектесетін болды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Эверест шыңына шығып, 5364 метр биіктікті бағындырған қазақстандық Мария Әуезоваға жеке көмек көрсетуге дайын.

Бәрі таңданып отыр, мен де сүйсіне қараймын. Бүгінгі медицинаның көмегімен сіз әлі де жүріп кетесіз. Тіпті, билейтін күнге жетесіз деп ойлаймын. Мен адамдардың протезбен жүріп әрі жүгіріп жүргенін де көрдім. Жеке өзім сізді қабылдап, көмек көрсетуге дайынмын. Егер әлемнің кез келген нүктесінде ондай мүмкіндік болса, қазір жігіттерге тапсырамын, - деді Назарбаев.

Ол 1995 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына орай Абай шыңына шыққанын айтты.

Бұл 4700 метр биіктік еді. Бірақ мен мұның не екенін білемін: шыңға көтерілу ештеңе емес, түсу одан қиын. Сондықтан ынтасы үшін рахметімді айтамын. Көздерің жанып тұр, бақытты күндерің әлі алда. Жұбайыңа, отбасыңа рахмет. Барлық жақсылықты тілеймін, - деді Елбасы.

Айта кетейік, бүгін ҚХА-ның сессиясында альпинист, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мария Әуезова Назарбаевқа алты жыл бұрын екі аяғының тізеден жоғары айырылғанын айтты.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы