Назарбаев «Экспресс К» газетінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев «Экспресс К» қоғамдық-саяси республикалық газетінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Елбасының Instagram-дағы парақшасында жазылды.
«Экспресс К » қоғамдық-саяси республикалық газетінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!Басылым беттері еліміздің мол тарихының айнасына айналып келеді. Бұл шежіренің маңызды бөлігі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына арналған.
Газет қоғам дамуының өзекті мәселелерін көтерумен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер жайлы үнемі үн қатып отырады. Сонымен бірге материалдардың жеңіл қалыпта және ұғыныңқы етіп берілуі терең талдаумен шебер үйлеседі. Бұл басылым қызметкерлерінiң кәсіби деңгейінің жоғары екенінiң көрінісі.
Басылымда талай талантты авторлар жемісті қызмет атқарды. Бүгінде шығармашылық дәстүрлерін шыңдай отырып, «Экспресс К» Қазақстанның жетекші басылымдарының қатарына нық сеніммен еніп отыр».
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда әкімі тұрғындарды онлайн қабылдады
Өзгелердің жаңалығы