Назарбаев Қазақстан мен Иордания арасындағы келісімді ратификациялады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы