Назарбаев әуежайында жаңа қызмет іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жаңа қызмет іске қосылды. Бүгін жаңа қызметтің ашылу салтанаты өтті.

Бүгін елордалық журналистер Ashyq қосымшасының елорда әуежайында қалай жұмыс істейтінімен танысты.

 

Сонымен қатар баспасөз-туры барысында Fast track қызметінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратовтың айтуынша, бұл қызмет түрі уақытын үнемдегісі келген жолаушыларға арналған.

 

 

Fast track дегеніміз қолында тек қол жүгі бар жолаушылар үшін тіркеу мен тексеруден жедел өтуді білдіреді. Төлем қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. Қызмет құны – ересектерге 4000 теңге. Сонымен қатар балаларға 50 пайыздық жеңілдік бар, ал кішкентай балаларға бұл қызметі тегін, - деді ол.

 

 

Айтуларынша, қазіргі уақытта жолаушыларды тіркеу тек Fly Arystan және Qazaq Air әуекомпаниялары үшін ғана қолжетімді. Ал басқа әуекомпаниялардың жолаушылары жалпы тіркеулерде тіркеуден өтеді және Fast track-те жедел тексеруді пайдалана алады.

 

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жолаушылар fast track тексеруін тегін пайдалана алады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы