Назарбаев әуежайы Еуроодақ сертификатын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуроодақ сертификатын алды, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
Елордалық әуежай Еуропалық Одақ елдерінің аумағына авиациялық жүк тасымалдарын жеңілдетілген ұйымдастыру үшін қажетті шарт болып табылатын RA-3 (Regulated Agents Third country) сертификатын ресімдеу процесін аяқтады.
Сертификат кез келген авиакомпанияларға авиациялық қауіпсіздік бөлігінде қандай да бір шектеусіз астаналық әуе айлағы арқылы ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын береді. RA-3 сертификаты сонымен қатар елордалық әуежайдың жүк терминалында жүктерді өңдеу процесі жүктердің барлық түрлері үшін Еуропалық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетінін растайды.
RA-3 мәртебесінің болуы көріністі толығымен өзгертеді: осы сәттен бастап ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын барлық әуетасымалдаушылар автоматты түрде пайдалана алады. Бұл кез келген (соның ішінде Еуропалық) әуекомпанияларға елордалық әуе қақпалары арқылы операцияларды еркін орындауға мүмкіндік береді, - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.
Қазір Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы осындай сертификатқа ие Қазақстандағы жалғыз әуежай.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау әкімі Бозжыра мәселесіне қатысты жауап берді
Өзгелердің жаңалығы