Найзағайдың кесірінен SCAT ұшағына зақым келген

SCAT ұшағын найзағай соқты, салдарынан 14 рейс кейінге шегеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания қауіпсіздік талаптарына сай Boeing 737 ұшағына тексеріс жүргізілетінін хабарлады. 

Қатты соққан найзағайдан әуе көлігіне зақым келгендіктен, кестеден алынып тасталған. Осыған байланысты авиакомпания осы аптада 14 рейстің уақытын өзгертуге мәжбүр. 

Жолаушыларға рейс уақытын алдын ала нақтылау керектігі туралы хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы