Найзағай, жаңбыр, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
12 мамыр, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты әлі де еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыс, оңтүстік-шығыс өңірде қатты жаңбыр жауады, Алматы облысының таулы аудандарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Республикамыздың солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сипат береді деп болжанады. Республикамыз бойынша ортақ құбылыс - желдің екпін алуы, батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ түседі, батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең шығыста, орталық өңірлерде тұман болады деп күтілед, - делінген синоптиктердің болжамында.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының шығысында, батысында, Павлодар облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1,3 градус суықты көрсетеді деп болжанады.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау қаласының орталығында, Ақтөбе және Абай облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Атырау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында өрт қаупі сақталады, Қызылорда облысы Қазалы ауданында төтенше өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.