Найзағай, жаңбыр, жел: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында ғана солтүстік антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Барлық өңірде тұман түседі. Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады. Ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы