Найзағай, жаңбыр: бүгін елімізде ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК бүгінге, 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде елдің батысында, шығысында жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың орталығында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, елдің оңтүстігінде, шығысында дауыл тұрады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жек көретін елдер рейтингі: Қытай көш бастады, АҚШ екінші орында
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы