Найзағай, жаңбыр: 3 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 3 тамызға арналған ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сүйенсек, атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде күннің құбылып тұруына ықпал етеді. Соның салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте, елдің орталығында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жауады, солтүстік, шығыс облыстарда, ҚР оңтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңда тұман түседі.

Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Абай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысында, Ақмола облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының оңтүстігінде, Қостанай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, орталығында, Ұлытау облысының батысында, Жетісу облсының солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы