Найзағай түсті. Алматыдан ұшып шыққан ұшақ кері қайтқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana ұшаққа найзағайдың түсуі туралы түсінік берді.
9 тамызда «Алматы-Тбилиси» бағыты бойынша КС139 рейсін орындаған борт Алматы уақыты бойынша сағат 20:30-да ұшып шығып, найзағай түсуі мүмкін деген себеппен кері қайтты, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ.
Компания хабарлағандай, бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар белгіленген пунктке сағат 00:40-та ұшып кетті.
Ұшақтың инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағайдың іздері табылған жоқ. Әуе кемесі қайта ұшуға дайын болды.
Бұған дейін «Алматы-Тбилиси» рейсінің жолаушысы ұшаққа найзағай түскенін айтқан болатын.
Ұшақ Тбилисиге ұшып шыққан соң, 40 минуттан кейін Алматы әуежайына оралды. Ұшаққа найзағай түсті дейді. Командир оралуға шешім қабылдады. Басқа бортқа ауыстыруы мүмкін, - деп жазды Елена.