Найзағай, тұман, дауыл, бұршақ – синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады.
"Түнде 23 шілдеде Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі.
Атырау қаласында түнде 23 шілдеде найзағай күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%", - делінген таратылған хабарламада.
Сондай-ақ, 23 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында 23 шілдеде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
"23 шілдеде Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлеріңде тұман күтіледі.
Қостанай қаласында күндіз 23 шілдеде найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - деп хабарлады синоптиктер.
Бұған дейін синоптиктер 23-25 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.