Найзағай соқты: Ер адам аты және итімен бірге мерт болды

Жетісу облысындағы Ақешкі ауылында қайғылы жағдай болды. Найзағай соққан кезде ер адам аты және итімен бірге мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқиға найзағай ойнап тұрғанда ер адамның телефонмен сөйлесіп тұрған сәтінде болған деген болжам да айтылуда.

Полиция мәліметінше, осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Құрметті тұрғындар, әсіресе мал шаруашылығымен айналысатындар! Ауа райының қолайсыз күндерінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, қауіпсіз орындарда болуға және өмірлеріңізді қатерге тікпеуге кеңес береміз. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар, – деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы