Найзағай, дауыл, бұршақ – сәрсенбіге арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидрометтің» мәліметінше, Сібір циклоны әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жауады.

Республиканың батысы мен солтүстік-батысында ғана Солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша жел күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз – 23 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күн күркіреп, бұршақ жауады. Таңертең және күндіз өңірдің солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының солтүстік-шығысында – найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз жел қарқыны – 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 23 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында – найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз басым бөлігінде желдің күші – 15-20 м/с, күндіз екпіні – 25 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың шығысында жел – 17-22, екпіні 27 м/с дейін күшейеді.

Қостанай ​​облысының шығысында түнде күн күркірейді. Күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшлейіп, шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының тауларында – найзағай, дауыл. Күн күркіреген кезде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы