Найзағай, бұршақ және өрт қаупі: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ пен екпінді жел күтіледі
Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл маңында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл күтіледі. Күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы 15-20 м/с, облыстың батысы мен орталығында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-25 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының орталығында, батысы мен шығысында төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстік-шығысында күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. Батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі, ал солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында түнде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін жазғанымыздай, күз келуге асықпайтын сыңайлы. 2026 жылғы 8-10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамына қарағанда, Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарын жаздағыдай жылы, ал кей жерлерде ыстық күндер күтіп тұр.