Бүгiн 2026, 02:34 Фото: depositphotos.com

Найзағай, бұршақ және аптап ыстық: 16 облыста ескерту жарияланды

Кейбір облыстарда өрт қаупі жоғары, тіпті төтенше деңгейге дейін жетуі мүмкін екені ескертілді.

«Қазгидромет» РМК бүгін, 16 маусымда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райы күтілетінін мәлімдеді. Елдің бірқатар өңірінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және аптап ыстық қатар байқалады.

Синоптиктердің болжамына сай:

  • Солтүстік және орталық өңірлерде (Ақмола, Қостанай, Павлодар, СҚО) – жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ және тұман күтіледі.
  • Батыс өңірлерде (БҚО, Атырау, Маңғыстау) – найзағайлы жаңбыр, кей жерлерде тұман, жел күшеюі мүмкін.
  • Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда) – қатты аптап ыстық 35–40°С-қа дейін жетіп, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр болжанады.
  • Шығыс өңірлерде (ШҚО, Абай облысы) – жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі.

Кейбір облыстарда өрт қаупі жоғары, тіпті төтенше деңгейге дейін жетуі мүмкін екені ескертілді.

Мамандар тұрғындарға ауа райының құбылмалы болуына байланысты сақтық шараларын сақтауға, әсіресе ашық далада және таулы аймақтарда қауіпсіздікке мән беруге кеңес береді.