Найзағай, бұршақ: 11 тамызда дауылды ескерту жарияланды
11 тамызда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалына сәйкес, күн күркіреп, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Шығыста және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі, - делінген синоптиктер таратқан ақпаратта.
Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарының шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстанның орталығында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстанның орталығында, Алматы облыстарының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Алматының солтүстік жартысында, оңтүстігінде, Ақтөбенің шығысында, оңтүстік-батысында, Атыраудың оңтүстігінде, Қостанайдың оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Абай облысында төтенше өрт қаупі бар.