"Найман" келесі қарсыласы жайлы: Мен тіпті оған жеңілдік жасауға дайынмын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қуат "Найман" Хамитов (20-7-1) Фаниль Рафиковпен (19-4) жекпе-жекке келісті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өткен NFC 28 турнирінің басты айқасында Рафиков жергілікті Серікбай Ходжабаевты (9-4) жеңіп, ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы атанды. Осыдан кейін ол Хамитовты жекпе-жекке шақырды. Хамитов бұған Іnstagram желісінде жауап берді.
Мені айқасқа шақырғанын естігенде, ол жігіттің жекпе-жегін көрейін деп қатты таңқалдым, ол анандай нокауттан кейін қалай тірі қалған! Ал енді әлі жаны бар және жекпе-жек қаласа, ұйымдастырушыларға айтарым, бұл менің карьерамдағы ең жеңіл кездесу. Жеңілдік жасауға да дайынмын, онымен күреспеймін, тіпті оң қолыммен мүлде ұрмауға уәде беремін! Қысқасы бұл жекпе-жек мен үшін ештеңе емес, алайда, олар мені қызықтыра алса, онда неге болмасқа, - дейді Хамитов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәскеуде ер адам өз-өзін өртеп жіберді
Өзгелердің жаңалығы