Бүгiн 2026, 19:47 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Наурызнама онкүндігі: Атырауда «Шаңырақ күнінде» жас аналарға құрмет көрсетілді

Елімізде наурызнама онкүндігі аталып өтуде.

Атырауда «Шаңырақ күнінде» жас аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – отбасы құндылықтарын, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығын білдіретін «Шаңырақ күні» мерекесінде Атырауда сәбилі болған жас аналарға құрмет көрсетілді. 

Жас аналарға облыс басшылығының атынан гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мерекелік іс-шарада музыкалық қойылымдар қойылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.



Осындай іс-шаралар еліміздің басқа өңірлерінде де өтті.