+2

Наурыздың аяғы мен сәуірдің басы: қызыл аймақтағы өңірлер аталды

Наурыздың аяғы мен сәуірдің басы: қызыл аймақтағы өңірлер аталды

BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына жауап берген Қазгидромет мамандары көктемгі су тасқынына қатысты соңғы жағдайды мәлімдеді. Кейбір облыстарда қауіп сейілсе, өзге өңірлерде тасқынның шарықтау шегі әлі алда.

Қазгидрометтің мәлімдеуінше, қазіргі таңда Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының жазық бөліктерінде қар толық еріп кеткен. Тек оңтүстік өңірлердің таулы аймақтарында ғана қар жамылғысы сақталып отыр.

Батыс Қазақстан облысындағы өзендерде су тасқынының негізгі кезеңі аяқталған. Алайда Жайық өзенінде су деңгейі Ресей аумағынан келетін ағын сулардың әсерінен көтерілуі мүмкін.

Атырау облысында еріген қар сулары бойынша қауіп жоқ. Дегенмен, Ақтөбе облысынан келіп жатқан ағын сулар жергілікті өзендердің деңгейін арттырып отыр.

Сондай-ақ Ақтөбе мен Қостанай облыстарындағы өзендердің көбінде тасқынның шарықтау кезеңі өтті. Бірақ Ойыл, Ырғыз және Торғай өзендерінің жоғарғы ағыстарынан келетін су көлемі әлі де артуы ықтимал.

Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін көктемгі тасқынның қауіпті кезеңі әлі алда. Бұл өңірлерде су деңгейінің күрт көтерілуі наурыздың соңына және сәуірдің басына сәйкес келіп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы