Наурызда тасқын жүруі мүмкін – Экология министрі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде қардың тез еріп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство басшысының сөзінше, 11 наурыздағы жағдай бойынша ел аумағының 71 пайызында қар жатыр. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 15 пайызға аз.

Еліміздің оңтүстігіндегі, атап айтсақ Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында және Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр. Наурыз айында температураның көтерілуі мен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын болған жағдайда тау өзендерінде еріген қар суының әсерінен жоғары тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар жиналу үрдісі жалғасуда, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түсуі күтіледі. Мысалы, Астанада айлық жауын-шашын мөлшері бірінші онкүндікте ғана түсіп үлгерді, - дейді Нысанбаев үкімет отырысында.

Еске сала кетейік, осыған дейін су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды. Олжас Бектенов су тасқынына дайындалу керегін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы