Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
2025 жылы наурызда еліміздің тұрғындары жалпы 14 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наурыздағы мерекелерге тоқталатын болсақ, көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі, олар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.
8 наурыздағы демалыс күндері.
Халықаралық әйелдер күніне байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 8, 9 және 10 наурыз күндері демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурыз күндері демалып, 10 наурызда жұмысқа шығады.
Наурыз мейрамы.
Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады
Келесі жаңалық
Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты күдіктілер әлі белгісіз
Өзгелердің жаңалығы