Наурызда Астанада ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы
Наурыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды.
«Қазгидромет» синоптиктері елордада наурыздың басы суық ауа райымен басталып, әрі қарай температура айтарлықтай көтерілетінін болжады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Айдың бірінші онкүндігі:
-
Түнде: температура -19…-24 градустан -8…-13 градусқа дейін ауытқиды.
-
Күндіз: -4…-9 градустан -3…+2 градусқа дейін жылиды.
-
Одан кейін күн сәл салқындайды: түнде -13…-18, күндіз -3…-8 градус болады.
10-20 наурыз аралығы:
Біртіндеп жылыну болжанады.
-
Түнде: -13…-18 градустан 0…-5 градусқа дейін.
-
Күндіз: -3…-8 градустан +5…+10 градусқа дейін көтеріледі.
20 наурыздан кейін:
Температура құбылмалы болады:
-
Түнде: 0…-5 градустан -8…-13 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
-
Күндіз: +5…+10 градустан -3…+2 градусқа дейін ауытқиды.
Жауын-шашын және қауіпті құбылыстар:
Наурызда жауын-шашын мөлшері нормаға жуық (шамамен 20 мм) болады деп күтілуде. Ай бойы мынадай құбылыстар болуы мүмкін:
-
Қар жаууы және жаяу боран.
-
Аралас жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) және көктайғақ.
-
Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Айта кетейік, метеорологтар атмосфералық жағдайларға байланысты ауа райы өзгеруі мүмкін екенін ескертеді.