Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия мүфтиімен телефон арқылы сөйлесті

Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия мүфтиімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМДБ-ның хабарлауынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен телефон арқылы сөйлесіп, бауырлас елде болған қайғылы оқиғаға байланысты тағы да көңіл айтып, ізгі ниетін жеткізді.

Түркия еліндегі қайғылы жағдай біздің де жанымызға қатты батты. Қазақстандағы барлық мешітте дұға арнайы жасалып жатыр. Алла Тағала Түркия, Сирия жұртына көркем сабыр берсін. Біз сіздермен біргеміз. Раббымыз осы сынақтың артынан жеңілдік пен қуаныш нәсіп етсін, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Түркия мүфтиі еліміздегі барша дін қызметкеріне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚМДБ
Өзгелердің жаңалығы