Наурызалиев әуе кемесі апатының себебі неге көп тергелгенін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызалиев ИИДМ-де өткен баспасөз брифингінде айтты. 

Болат Наурызалиев Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 әуе кемесіне қатысты болған авиациялық оқиғаның неге көп тергелгенін түсіндірді. 

Біз барлығымыз COVID-19 болғанын білеміз. Әлемдік локдаун да болды. Біз өзіміз дербес қандай да бір шешім қабылдай алмайтын едік. Біз Нидерландыдағы Fokker ұшағын әзірлеген зауыт  өкілдеріне хабарластық. Олардың қауіпсіздік бюросы өкілдері де тергеуге қатысулары керек болды. Мен бұл қызметке былтырғы шілдеде келдім. Жұмысқа кірісе сала Алматыға арнайы комиссиямен Алматыға бардық, - деді ол. 

 Болат Наурызалиев атап өткендей, ұшақтың арнайы ұшу жүйесін талдап, қайта жөнделген. 

Ол жүйенің ұшу кезінде істегенін білу үшін Нидерландыдағы зауытқа жібердік. Олар барлығын тыңғылықты тексеріп, ол бойынша есеп жіберді. Объективті бақылау өкілдерін де ол жаққа бағыттадық. Осы сынды процестер апаттың себебін анықтау осындай мерзімге созылды. Әрине, жүйенің нақты, дұрыс істегенін ашық көрсету керек болды. Біз процесті жеделдетуге тырыстық. Алайда осынша уақытқа созылды. Сыртынан қарағанда ол оңай көрінеді. Алайда бұл кешенді жұмыс, - деді Наурызалиев. 

Айта кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсан күні Bek Air әуе компаниясының Алматы-Астана бағыты бойынша Z9 2100 нөмірлі рейсін орындайтын Fokker-100  ұшағы Алматы қаласы маңындағы Қызылту елді-мекеніне апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды.  

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы