"Наурыз" және "Наурыз-Жұмыскер" арқылы ипотека беру 2 есе артты
"Наурыз" және "Наурыз-Жұмыскер" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларына кредит беру көлемі 500 млрд теңгеге жеткізілді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Наурыз" және "Наурыз-Жұмыскер" бағдарламалары арқылы жеңілдетілген кредит беру көлемі 2 есеге артты. Жалпы кредит беру көлемі 500 млрд теңгеге жеткізілді, - деді ол.
Жоспарлы түрде тұрғын үй құрылысын дамыту шаралары жүзеге асырылып жатыр. 10 айда 14,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға жоғары.
Әлеуметтік осал топтарды қолдау үшін биыл әкімдіктер 222 млрд теңгеден астам сомаға 14 мыңнан астам жалдамалы пәтер сатып алуды көздеп отыр, - деді Бозымбаев.
Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге 11,2 мың несиелік пәтер салу және сатып алу үшін 140,2 млрд теңге көлемінде қаражат келісілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда Бәйдібек ата мен Қарақуыс су қоймалары салынып жатыр
Өзгелердің жаңалығы