«Nauryz» телехикаялар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Бүгін елордада «Nauryz» телехикаялар бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жаңа жобаға сәттілік тілей отырып, бәйгенің шымылдығын ашты. Сондай-ақ ведомство басшысы креативті өндірістің даму үдерісіне, телесериалдарымызға деген сұраныстардың артқанына ерекше тоқталып өтті.

Наурыз-жаңару мен өсудің, өркендеудің символы. Елімізде соңғы жылдары креативті индустрия ерекше қарқынды дамып келеді. Сан да, сапа да артып келеді. Шетелде де әртістеріміздің арқасында беделіміз артуда, - деді ол.

Сөз соңында министр Дархан Қыдырәлі алғашқы марапатты жариялап, өз қолымен табыстады.

Сонымен ұлттық бәйгенің жеңімпаздары:

Үздік тарихи сериал- “Міржақып. Оян, Қазақ!”
Үздік драмалық сериал- «Ақжауын»
Үздік комедиялық сериал- «Келінжан»
Үздік веб-сериал- «Serjan Bratan»
Үздік актер- Дулыға Ақмолда
Үздік актриса-Жанель Сергазина
Екінші пландағы үздік актер: Рүстем Жаныаманов. «Келінжан» сериалы
Екінші пландағы үздік актриса: Камалия Байтелеуова. «Ақ пен қара» сериалы
Үздік режиссер: Ерлан Нурмухамбетов. «Қаныш.Қазына». «Qazaqstan» ұлттық арнасы
Үздік сценарист: Бекзат Мырзахметова. «Mystan»
Үздік қоюшы – оператор: Бағдат Арғынов. «SHEKER», «Serjan bratan», «5:32»
Үздік монтаж: Рахимжан Яхьяров. «Ақ пен қара»
Үздік саундтрек: «Sheker»

Жеңімпаздар арнайы құрылған әділқазылар тобы талаптарына сай іріктелінді.

Айта кетейік, жалпы есеппен ұлттық бәйгенің тізіміне 52 номинант енген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы