Наурыз татулық пен құндылықтарды насихаттайтын күнге айналды – Дүйсенова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті отандастар, сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам біз үшін табиғат пен өмірдің жаңаруымен, қыстан аман-есен шығып, ағайын-туыстармен көрісетін ерекше күннің бірі, - деді ведомство басшысы.

Министр атап өткендей, заманауи Қазақстан үшін бұл айтулы мереке барша халықты біріктіретін, татулық пен құндылықтарды насихаттайтын күнге айналды.

Көктем мерекесі сіздерге тек қуаныш пен бақыт әкелсін. Шын жүректен сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға шаттық пен құт-береке тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! - деді Тамара Дүйсенова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: lbk.ru
Өзгелердің жаңалығы